Әкімгер +7 7212 41-01-37
Қабылдау +7 7212 41-29-59

Все спектакли и концерты отменяются

Ары қарай оқу

Театр туралы

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры өзінің бiрiншi театр маусымын 1973 жылдың 16 қарашасында И.Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасымен ашты. Театрдың көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Бұл оперетта театры, сондықтан да оның өзіне тән сахна рухы, көркемдігі, нәзіктігі мен әсемдігі сақталған.
 

45 жыл бойы театр спектакльдер мен концерттік бағдарламаларды шығаруда көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Репертуарында 280 астам қойылымдары бар, соның ішінде қазіргі заманауи және әлемдік классикалық опереттаның маржаны. Репертуардағы жанрдың өзіндік ерекшелігі театрдың басынан бастап әртүрлі музыкалық жанрларға жүгінгенін көрсетеді, бірақ бастысы - опереттадан шықпады.
 

Труппада 150-ден астам әртістер бар, бірақ бүкіл театр ұжымы- шамамен 300 адамды құрайды. 2000 жылы театрымызға «Академиялық» атағы берілді. Театр тек Республикада ғана емес, сонымен қатар ТМД және алыс шетелдерде де танымал.Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрын Халықаралық байқауларының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ибраев басқарады.