"DosStar" халықаралық оперетта мен мюзикл фестивалі. ҚАМКТ бастамасымен және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өтеді. Фестиваль жыл сайын қазан айының соңында - қараша айының басында үш күн бойы өткізіледі. Алғашқы екі күнде актерлік шеберлік, вокал, хореография бойынша түрлі елдердің жетекші әртістерімен шеберлік-класстар өткізіледі.
Осы күндері облыс пен елдің мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысу мақсатында Қарағанды және Қарағанды облысы бойынша экскурсиялар өтеді. Осы екі күнде түрлі елдерден келген музыкалық театрлардың кешкі спектакльдері өтеді.
Үшінші күн- әртүрлі елдердің жетекші солисттерінің қатысуымен гала-концерт. 2012 жылдан бері фестивальға Беларусь, Украина, Литва, Латвия, Ресей, Грузия, Болгария, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Польша, Әзірбайжан, Австрия, Армения және Қазақстан театрлары мен жетекші солистері қатысты. Бұл 600-ден астам қатысушы.