Әкімгер +7 7212 41-01-37
Қабылдау +7 7212 41-29-59

ЗВЕЗДОПАД МЕЛОДИЙ

31 января 18.30 Красный зал

саундтреки из популярных кинофильмов

Ары қарай оқу

Концертмейстер

Шестакова Жанна Владимировна

 

Білімі:

- 1990 – Тәттімбет атындағы Қарағанды музыка училищесін «Фортепиано» мамандығын «Концертмейстер» біліктілігі бойынша бітірген.

-  2012  – Қырғыз ұлттық мемлекеттік консерваториясының «Орындаушылық өнер» бөлімінің   «Фортепиано» кафедрасы.

 

1990 жылдан бүгінге дейін Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрныда жұмыс істейді.  Ол кәсіби концертмейстер ретінде  артист-вокалистермен жоғары  техникалық деңгейде партияларды оқып-жаттығуларын өткізеді. Соның арқасында жекелеген рөлдер ғана емес, біртұтас қойылым сауаты шығады. Ол вокалистердің жаттыққан партияларын дұрыс орындауын қадағалай білетін концертмейстер. Вокалдық техниканың ерекшеліктерін жақсы біледі, сондықтан да әншінің қиындықтарды жеңе білуіне көмектесіп отырады. 

 

Ол өз жұмысында шығармашылық, педагогикалық, психологиялық функцияларды ұштастыра білгендіктен, концертмейстердің қызметі жемісті болып келеді. Жанна Шестакова рояль аспабын өте шебер меңгерген. Музыкалық және әртістік қабілеті өте жоғары. Теат солистері үшін жақсы ұстаз, сенімді әріптес, әрқашан көмекке дайын тұратын білікті концертмейстер.

 

Марапаттары

- 2008 -  Мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы

- 2012  – Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жыл инструменталисі» аталымы бойынша сыйлығы

- 2014  – Қазақстан театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасы

- 2018 – Қарағанды облысы әкімінің  «Жыл инструменталисі» аталымы бойынша сыйлығы және Құрмет грамотасы.

 - 2018 - «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі.