1 бөлім - П.И. Чайковский “Аққу көлі” II акт
Хореография - Л. Иванова, М. Петипа
2 бөлім - Ш.Ф. Гуно “Вальпургиев түні”
Хореография - Г. Бурибаева
Премьерасы 2006 жылы 30 өтті.
Ұзақтығы – 1сағ. 30 мин.
ҚОЮШЫ ТОП:
Балетмейстер - Галия Бурибаева
Дирижер - Роман Калошин
Сценография - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Бәйкенов
Костюмдер суретшісі - Галия Бурибаева
1 бөлім – «Аққу көлі» (2 акт)
Балет театрының тарихына Чайковский реформатор, композитор-драматург, орыс хореографиялық драмасының негізін қалаушы ретінде кірді. Оның реформасының мәні - балеттік музыканы түбегейлі өзгертуінде және оның спектаклдің драматургисындағы рөлін көтеруінде. Ол «Балет – те сол симфония» дейтін. Чайковский 3 балет жазды: «Аққу көлі» (1876), «Ұйқыдағы ару» (1889), «Щелкунчик» (1891), Чайковский оның әрқайсысында дәстүрлі балеттік формалар мен жанрлардың бар байлығын мейлінше қолдана отырып, оларға терең психологиялық мазмұн қосып, шынайы симфониялық бағытта дамытты.
«Аққау көлі». Әппақ аққулар – сиқыршы Ротбард сиқырлаған сұлу қыздар. Оларға адами келбет тек түнде ғана келеді. Көлдің жағасында Зигфрид аққулардың патшайымы Одеттаны кездестіреді. Ханзада оның сұлулығына тәнті болады, мәңгілік махаббат туралы серт береді. Тек шынайы және таза мөлдір махаббат қана қыздарды қара ниет сиқыршының қақпанынан құтқара алады. Таң атады. Қыздар қайтадан аққуға айналулары керек. Зигфрид өз сезімінің күшіне сеніп – Одеттаны сиқыршының тырнағынан құтқарады. П.И.Чайковскийдің музыкасының өзі ұмытылмайды, әдемі және әлдебір жұмбақ әлемге тартып жетелейді.
2 бөлім – «Вальпургиев түні»
1851 жылы Ш.Гуно өзінің алғашқы операсы – «Сафоны» жазады. Одан кейін «Фауст» (1859) – ол композитордың бүкіл әлемге танылып, мойындалған ең үздік операсы. «Вальпургиев түні» - «Фауст» операсынан биге қойылған сюита. Ол кейінірек операның «Grand Opera»(1869) сахнасындағы қойылымына қосымша жазылды, осыдан соң көбіне өзгертілген опера кең таралып, жалпы қоғамдық мойындауға ие болды.
«Вальпургиев түні». Ортағасырлық герман халықтық сенімге сай Вальпургиев түнінде Гарц тауларындағы Броккенде мыстандар өзінің жыл сайынғы «жын тойына» жиналады. Балеттік сюитада мыстандарды нимфалар, дриадалар алмастырған және Вакх пен Пан бастаған сатира. Сюита 7 музыкалық номерден тұрады, онда Гуноның әуендік табиғаты жарқырай көрінеді. Осы үшін де, сондай-ақ «сиқырлы» сюжеті үшін де «Вальпургиев түні» өз бетімен бір актілі балет түрінде жиі қойылады.