Әкімгер +7 7212 41-01-37
Қабылдау +7 7212 41-29-59
К. ПОРТЕР

ЦЕЛУЙ МЕНЯ, КЭТ!

18 мая 17.00 ДКГ

Мюзикл в 2-х действиях

                           

Ары қарай оқу
Ф. ЛОУ

«МОЯ ПРЕКРАСНАЯ ЛЕДИ»

20 апреля 17.00 ДКГ

Мюзикл в 2-х действиях

Ары қарай оқу
Ф.ЛЕГАР

«ВЕСЕЛАЯ ВДОВА»

11 мая 17:00 ДКГ

Оперетта  в 3-х действиях

Ары қарай оқу
О.Штраус

СЕРДЦЕ КОРСИКАНКИ

21 апреля 17.00 ДКГ

Оперетта в 2-х действиях

Ары қарай оқу
И.Штраус

«Король вальса»

10 мая 18.30 ДКГ

Оперетта в 2-х действиях

Ары қарай оқу
А. АДАН

«ЖИЗЕЛЬ»

17 мая 18.30 ДКГ

Балет в 2-х действиях

Ары қарай оқу

«ЦИРК ХАНШАЙЫМЫ»

«ПРИНЦЕССА ЦИРКА» -

«ЦИРК ХАНШАЙЫМЫ»

О.Штраус

 2 актілі оперетта

Пьеса авторы  И.Зарубина

Өлеңдер авторы  О.Фадеева

Премьерасы 2013 жылдың 23 қыркүйегінде болды.

Ұзақтығы: 2с. 40мин.

 

ҚОЮШЫ ТОП:

Музыкалық жетекші және  режиссер  -    Ресей халық артисі Юрий Александров (Ресей, Санкт-Петербург)

Дирижер – Николай Макаревич (Беларусь, Минск)

Балетмейстер –  «Золотой витязь» және «Театральный Олимп» халықаралық фестивальдерінің лауреаты

                                     Надежда Калинина (Ресей, Санкт-Петербург)

Суретші – Ресей халық суретшісі

                           Вячеслав Окунев (Ресей, Санкт-Петербург)

  Хормейстер –«Кұрмет» орденінің иегері Татьяна Штыкова.

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Композитор «Цирк ханшайымын» 1925 жылы жазған.  Премьерасы 1926 жылдың 26 наурызында Вена операсында өтеді.  Әйгілі композитордың талантты шығармасына Вена алғашқы болып қол шапалақтады. Қалың көрерменді күнделікті қарапайым оқиғаларды ғажайып опереттаға айналдыра білген композитордың шеберлігі тәнті еткен еді.

 

ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ

Цирк фойесі. Орыс астанасының зиялы көрермені жаңа цирк жұлдызының туғанына қызығады. Бұл құпиялығы- ешқашан бетіндегі масқасын шешпейтін жас артист Мистер Икс деген жасырын атпен шығады сахнаға. Цирк директоры  контракт шарттары бойынша тіпті өзінің де Мистер Икстің бет-жүзін көрмегенін айтады.

  Өзіне табынып, үміттенушілердің қоршауында цирк фойесінде  жас жесір, аса дәулетті ханшайым Теодора пайда болады. Қайтыс болған күйеуі қалдырған аманат хаттың шарттары бойынша ол 6 аптаның ішінде отандас азаматқа күйеуг шығуы тиіс, олай болмаған жағдайда барлық байлық марқұмның шетелде тұратын туыстарына өтіп кетеді

Ханшайымның маңайында оған қол жеткізгісі келетіндер көп, олардың қатарында  барон Кревильяк та бар.  Бірақ Теодора оны мазақ етіп, қолын кері қағады. Жас жесірді Мистер Икстің кім екендігі қызықтырады.  Мистер Икс келеді. Оны көрерменге таныстырады. Теодора артистке қолын сүйгізбей, өтінішін кері қағады. Сайқымазақ, цирк артисі мұндай құрметке лайық емес.  Ханшайымның  маңайындағылар  Мистер Икстің  маскасын күштеп шешпекші болады. Теодора жанжалды тоқтатады. Барлығы залға кіреді. Мистер Икс цирк артисінің тағдыры жайлы, зиялы қауымның өзіне қарым-қатынасы туралы ойланады да, аренаға асығады.. Фойеде  Венадан келген жас артист Тони пайда болады, ол цирк бишісі,  ағылшын Мабельге ғашық. Мабель келеді.

Әзілді әңгіменің барысында оның цирк директорының өтінішімен өзін ағылшын артисі етіп көрсетіп жүргені анықталады. Кездесу туралы келіскен соң Тони кетеді. Сахнадан номерін орындаған Мистер Икс оралады. Ол Теодорамен кездесудің өзін есінен тандырғанын айтып, құпиясын ашады. Біраз жыл бұрын осы әйелге ғашық болған, бірақ ол жиен ағасының қалыңдығы болып шығады.  Князь жиенінің қалыңдығына ғашықтығын білген кезде оның гусар полкындағы мансабын күл-талқан етеді.  Жас жігіт үйінен қашып, цирк артисі болып кетеді. Әрі қарай көптеген таңғажайып  оқиғалар өтеді, ақыр соңында барлық ғашықтар бақытқа жетеді.

 

 

 

© 2019 Карагандинский академический театр музыкальной комедии
Яндекс.Метрика