«КОРОЛЬ ВАЛЬСА» -
«ВАЛЬС КОРОЛІ»
И.Штраус
2 актілі оперетта
Либретто Е.Езерская
Премьерасы 2016 жылғы 26 қазанда болды.
Спектаклдің ұзақтығы – 2 сағ. 30 минут
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
режиссер – «Алтын маска» иегері С.Цирюк (Ресей, Санкт-Петербург)
дирижер – Халықаралық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты
Татьяна Терещенко (Ресей, Санкт-Петербург)
суретші – Мустафа Мустафаев (Азербайжан, Баку)
балетмейстер – «Алтын маска» иегері В. Морозов (Ресей, Челябинск)
хормейстер – «Құрмет» орденінің иегері Татьяна Штыкова
И.Штраустың «Вальс королі» опереттасының оқиғасы Венада өтеді. Қалалықтардың барлығының жаңа жұлдыз – әнші Эльза Виртке деген қызығушылығы ерекше, ол тамаша композитор Густав Штайнның қалыңдығы. Жұлдыз әншіде меценат герцог Карл Вестфальскийдің де ойы бар. Ол өзінің ағасын Эльзаны сарайға әкелуге үгіттейді. Герцогтың бұрынғы сүйіктісі Эдит Флавон бақталасын Густав Штайнның ағасы Людвигтің әйелі Фредерика арқылы құртуға тырысады. Эдит Густавтың қолына алдын ала әдейі жазылған герцог пен Эльзаның арасындағы ғашықтық хатын қалай да жеткізеді, ол хатты оқып ашуланған Густав атастырылған қалыңдығынан бас тартады.
Бұл кезде герцогтың сарайында бәрі балға дайын болатын. Өз мақсатын көздеген граф Эльзаны қытай әншісі Эль Цзи деп таныстырады да, барлығына Эльза балға келмейді деп хабарлайды. Эль Цзи-Эльза Густавтың бір шығармасын тамаша орындап, барлық тыңдаушыны тәнті етеді. Мұндай оқиғаға герцог Густавты сарай капельмейстері етіп тағайындайды, бірақ композитор герцог пен Эльзаның ғашықтық хатын сылтау етіп бас тартады.
Осы аралықта герцогтың ол хатты сүйіктісі Эдитке арнағаны белгілі болады. Густав Эльзаны себепсіз айыптағанына қынжылады. Шындық салтанат құрып, арам ойлы Эдиттің алдында герцогтың әйелі болу не түрмеге отыру таңдауы тұрды. Эльза мен Густав қайта табысады.