Әкімгер +7 7212 41-01-37
Қабылдау +7 7212 41-29-59
И.Штраус

«Король вальса»

26 апреля 17.00 ДКГ

Оперетта в 2-х действиях

Ары қарай оқу
О.Штраус

СЕРДЦЕ КОРСИКАНКИ

27 апреля 17.00 ДКГ

Оперетта в 2-х действиях

Ары қарай оқу

«МАРИЦА»

И. КАЛЬМАН

«МАРИЦА»

2 актілі оперетта

Либретто К. Греков

Спектакльдің премьерасы  2006  жылы 12 мамырда болды.

Ұзақтығы –  2 сағ. 15 мин.

 

 ҚОЮШЫ ТОП:

 Режиссер  -   О. Зимин

 Дирижер  -   Р. Калошин

 Балетмейстер  -  М. Лепилина

Суретші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Бәйкенов 

Бас  хормейстер -  Т. Штыкова.

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

 «Графиня Марица» («Марица») опереттасын көбіне оперетта-рапсодия немесе «венгер рапсодиясы» деп атайды. Оның Кальманның ең үздік шығрамаларының  бірі екені еш күмәнсіз, ал туындының романтикалық, венгер-цыган тамырынан тараған әуені, арманшыл, жарқыраған безендірілуі композитордың  «мадьяр жанын»  ашқан ерекшелігі болатын.

 

ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАЗМҰНЫ

  Бай әрі жас жесір графиня Марица, өзін мазалаған сансыз күйеу жігіттерден шаршағандықтан, «Цыган бароны»  опереттасының афишасынан көрген – Коломан Зупан деген адамға тұрмысқа шығамын деп газетке хабарлама бермекші болады. «Міне бұл тамаша емес пе, күйеу  болмағанда кім, бары да, жоғы да белгісіз. Елдің бәрі бірдей опереттаға бара бермейді ғой» деп ойлайды.  Марица баронесса құрбысы Виолеттамен бірге өз үйіне келген кезде сырттай үй шаруашылығын басқарушы етіп жалдап алған Тасилло мен цығандарды көреді.  

Баронесса Виолетта цығандардың арасынан өзін 30 жыл бұрын сүйген  Шандорды көріп қалады. Ол Виолетта басқа адамға тұрмысқа шыққан кезде цығандарға кетіп қалған болатын. Ол енді ғана өзінің өмір бойы Шандорды сүйгенін түсінеді.  Бұл аралықта, елдің бәрі бірдей опереттаға бармаса да, жақын жердегі  Вараздинада шынымен де өмірде Коломан Зупан деген адамның  бар екендігі анықталады. Оған шешесі газеттегі  графиня Марицаның Зупанмен некеге тұрамын деп берген хабарламасын көрсетеді.  Зупан болса, сыйлыққа деген торайын құшақтап алып,  «қалыңдығына» асығады.

Марицаға келген Зупанды көргенде өзін жұмысқа алған графиняны ұнатып қалған  Тасиллоның қызғанышын туғызса, Марица шок болады. Марица Зупанмен бірге әйгілі дуэтін орындағаннан кейін Зупан Тасиллоның қарындасы Лизаны кездестіріп, оған ғашық болып қалады. Тасилло болса Марицаға өзінің сезімін білдіреді. Марица да сымбатты Тасиллоны ұнатып қалғандай, көптен іздегенін тапқан тәрізді. «жесірдің байлығы емес, өзі қызықтыратын» жігіт деген ойда. Бірақ  Тасиллоның Марицаға қызметші деп таныстырған қызды құшақтап тұрғанын көргенде көңілдегі көрікті ойдың күл-талқаны шығады. Одан соң Тасиллоның досына «графинияға оның бай жасауы үшін қызмет етіп жүрмін» деп жазған хатын оқып қояды.  

Ақыр соңында қызметші Лиза Марицаға  өзінің Тасиллоның қарындасы екенін айтады, ағасының қарындасының жасауы үшін графиняға қызмет етіп жүргенін жайып салады.  Венадағы жоғары зиялы қауымның жалған-өтірігінен, байлығына қызыққан күйеу жігіттерден шаршаған графиня Марица венгердің ел білмейтін бір алыс түкпірінен керексіз болып қалған үй-жайды сатып алып, өзі ойлап тапқан  барон Зупанмен сөз байласқаны туралы хабарлайды. Алайда қызықтың бәрі алда еді...

 

 

© 2019 Карагандинский академический театр музыкальной комедии
Яндекс.Метрика