«НЕБЕСНЫЕ ЛАСТОЧКИ» -
«АСПАН ҚАРЛЫҒАШТАРЫ»
Ф.ЭРВЕ
«АСПАН ҚАРЛЫҒАШТАРЫ»
2 актілі оперетта
Либретто С. Цирюк
Опереттаның премьерасы ҚАМКТ 2009 жылы 30 мамырда өтті.
Спектакльдің ұзақтығы 2 сағ.
ҚОЮШЫ ТОП:
Дирижер - Роман Калошин
Режиссер - «Алтын маска» иегері
Сусанна Цирюк (Ресей, Санкт-Петербург)
Суретші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Бәйкенов
Костюмдер суретшісі - Татьяна Королева (Ресей, Санкт-Петербург)
Балетмейстер - Елена Дмитриева-Лавринович (Беларусь, Минск)
Хормейстер - Татьяна Штыковa.
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Ф.Эрве музыка тарихына Оффенбахпен қатар оперетта жанрын жасаушылардың бірі ретінде кірген композитор. Эрве «Мадемуазель Нитушті» Парижде жазды. Оның негізіне композитордың өзінің шығармашылық жолының бастауындағы әсерлері, яғни тым жас кезінде діни рәсім кезінде хоралда ойнағаны, одан соң водевиль актрисаларының жеңіл-желпі әндерін сүйемелдеуге асыққан сәттері алынған. Флоримон Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» опереттасының премьерасы 1883 жылы 26 қаңтарда Париждің Варьета театрында өтеді.
ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ
Опереттаның оқиғасы XIX ғасырдың бірінші жартысында француз провинциясында болады. «Аспан қарлығаштары» монастырь пансионының жас тәрбиеленушісі Дениза де Флавиньи музыка мұғалімі Селестеннің музыкасының құпиясын ашады: ол өзін қаншалықты әдепсіз, көп сөйлеп зеріктіретін болып көрінгісі келгенімен, сыртағы өмірде мүлде басқа адам. Монастырдан тыс жерде ол – көңілді жүретін Флоридор, көңілдесі Коринна жұмыс істейтін кішкентай театрға арнап оперетта жазады.
Бірде кешкісін Селестен өзінің соңғы шығармасының премьерасына қатыспақшы болып, тағы да жасырын түрде қалаға кетіп қалады. Дениза оның соңынан аңдып, ол да театрға келеді. Шалт мінезді Коринна жанжал шығарып, опереттада ойнаудан бас тартады. Оның орнына сахнада партитураны жатқа білетін Дениза пайда болады, ол «Мадемуазель Нитуш» деген бүркеншік атпен орындаушылық шеберлігімен көрерменді тәнті етеді. Залда отырған жас жігіт Фернан Денизаға ғашық болады. Бірнеше күлкілі жағдайлардан кейін бәрі де сәтті аяқталады.